Атырау облысының әкімдігі Қалмақ Республикасы Үкіметімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы шеңберінде Атырау облысы әкімдігі мен Қалмақ Республикасының Үкіметі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының тарапынан келісімге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және Қалмақ Республикасы Үкіметінің тарапынан Республика басшысы Алексей Орлов қол қойды. Бұл келісім екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды орнату үшін жағдай жасауға бағытталған.

«Туризм саласындағы серіктестік туристік ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бастамаларды белсенді түрде қолдауға, сондай-ақ өңірлердің табиғи және мәдени мұраларын белсенді түрде алға жылжытуға бағытталған», - деді Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық ынтымақтастығы басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.

Айта кетейік, Атырау облысының делегациясы Петропавлда өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты. 

Соңғы жаңалықтар