Атырау облысындағы Жайық арқылы өтетін көпір құрылысы 2018 жылы аяқталады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Жайық арқылы өтетін тіреусіз көпірдің құрылысы аяқталады. Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жаңа көпірдің құрылыс құрылыс аймағында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

null
Облыстың Махамбет ауданындағы жаңа көпір қосымша көлік дәлізін құруға және облыс орталығындағы кептелістерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Махамбет ауылы маңындағы Жайық өзеніне салынған көпірдің жүк көтерімділігі 180 тонна, ұзындығы - 860 метр, ені 13 метрді құрайды. Кіреберіс жолдарының жалпы ұзындығы - 8,5 километр. Көпірдің құрылымы да ерекше - тұтастай бетон және тіреуіштерден тұрады.
null 

Қазіргі уақытта онда автокөлік жолдары салынған. Жұмысты мейлінше жеделдету үшін құрылыс алаңына мобильді бетон зауыты орнатылған. Жолдың жүретін бөлігі екі жолақтан тұрады, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да қарастырылған.

«Жаңа көпір құрылысының аяқталуы аймақтағы шағын және орта бизнестің дамуына сондай-ақ, өзеннен өту арқылы облыс орталығына тоқтамай жаңа көлік дәлізін құруға мүмкіндік береді», - деді Н.Ноғаев.
null 

Көпір құрылысының аяқталуы 2018 жылға жоспарланған. Бұдан өзге аймақ басшысы көне Сарайшық қалашығы маңындағы жағаларды бекіту орындарында болып қайтты. Жаға бекітуші бөгетшелердің құрылысы 2016 жылы басталған, 2018 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бөгет биіктігі - 3 метр, ұзындығы 1500 метрді құрайды. Бөгеттер ескі қала бөлшектерін тасқын сулардан қорғауға мүмкіндік береді. Екі нысанды аралаған Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. 

null null 

Соңғы жаңалықтар