Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавируспен ауырған науқастар жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавируспен ауырған науқастар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 22 қарашада қауіпті вирусты 8 адам жұқтырған.

Коронавирус инфекциясының таралу дерегі бұрынғыша Атырау қаласында байқалып отыр. Өткен тәулікте шаһарда 7 адамнан Covid-19 инфекциясының белгісі расталған. Ал, 1 науқас Құрманғазы ауданында тіркелген.

«Қазір Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр. Соған қарамастан, 68 адам үй жағдайында, 68 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатыр. Оның ішінде Атырау қаласындағы модульдік ауруханада – 50, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 15, фтизиопульманологиялық орталықта 3 пациент оқшауланған. Ал, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға коронаиврус инфекциясын жұқтырып, емделуге жатқызылған бірде-бір науқас жоқ» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавируспен ауырған науқас жоқ екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар