Атырау облысындағы Теңіз елді мекеніндегі оқиға бойынша ақпарат

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарт - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жиналған Теңіз вахталық елді мекеніне жол тартты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«29 маусым, сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsАpp желісінің профиліне орналастырған фотосуретіне наразылық білдірген. Суретте Eli Daoud қолына рация құралын ұстап тұр, ал рация антеннасы қызға қарай бағытталған», - делінген таратылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды.

«Жұмысшылармен кездесуге облыс әкімі, Полиция департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығы, облыс прокуроры ұшып кетті», - деді әкімдіктен.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Соңғы жаңалықтар