Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгін 10 маусымда Сағыз ауылдық округі аумағындағы Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсында балықтың қырылу дерегі анықталған.

«Балық өлген жердегі су көлемі – 100 метр. Ал, өлген балық мөлшері – 150 келі. Негізінен балықтың майда шабақтары қырылған. Қазір құзырлы органдар арқылы сынамалар алынды. Өлген балық шабақтары мен судың сынамасы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалына жіберілді. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада белгілі болады», - деп хабарлады Қызылқоға ауданының әкімдігінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 2 тонна балық қырылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар