Атырау облысындағы мұнайлы аудан тұрғындары қарбыз бен қауыннан мол өнім жинады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы мұнайлы Мақат ауданының тұрғындары биыл бақша өнімдерін өсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біздің мұнайлы аудан күрделі климаттық жағдайға байланысты егін шаруашылығымен айналыса алмайды. Сондықтан, бақша және жеміс-жидектер неше ғасырдан бері сырттан тасымалданып келді. Бірақ, биыл көрші Индер ауданының басшылығымен келісіп, Жарсуат ауылының аумағынан бізге жер бөлінді.  «Ақмарал» ШҚ құрылып, оның жұмысшылары көктемгі егіс науқанында 17 га жерді игерді. 10 га аумаққа қарбыз бен қауын, 4 га - қызанақ пен қияр, 36 га - картоп егілді», - деді Мақат ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиев.

Өсімдік шаруашылығымен 10 адам айналысып жатыр. Қазір 8 тонна қарбыз бен 2 тонна қауын жиналды. Өнім жинау әлі жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар