+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Атырау облысындағы мектептер ескі атауынан арылып, Жамбыл мен Ахметтің есімдерін иеленді

2019 жылғы 30 қаңтар 13:50
Бөлісіңіз:
Атырау облысындағы мектептер ескі атауынан арылып, Жамбыл мен Ахметтің есімдерін иеленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 30 қаңтар күні республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР Үкіметінің Атырау облысындағы бірқатар білім және мәдениет мекемелерінің атауларын өзгерту туралы Қаулысы жарияланды. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Исатай ауданында мектеп пен мәдениет үйінің атауы ауысты. Чапаев атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектеп енді қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың есімімен аталатын болады. Ұлы ақынның туындылары көптеген тілдерге аударылған. Қытай, Ұлыбритания, Чехия, Словакия секілді елдерге Жамбылдың өлеңдері таныс. Оны шын мәніндегі халық ақыны деп атауға негіз бар.

Сондай-ақ, Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйі енді «Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі» деп аталады.

Көрнекті қоғам қайраткері, өнер майталманы Нариман Үлкенбайұлы қазақ мәдениетіне, театр өнеріне ерекше еңбек сіңірді. 60 жылдары Аққыстау поселкесінде ашылған драма үйірмесінде қойылымдарда ойнаған. 1968 жылы Аққыстау мәдениет үйінің басшысы және аудандық халық театрының көркемдік жетекшісі болды. 2000 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейін басқарып, оның дамуына үлкен үлес қосты.

Махамбет ауданындағы Чкалов атындағы орта мектеп Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленді. Қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, ақын және аудармашы ретінде Ахмет Байтұрсынұлын қазақ халқы «Ұлт ұстазы» деп біледі.

Индер ауданында «Гребенщик орта мектебі» атауы «Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп» болып өзгерді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбайұлы әлем әдебиетінің мол қазынасын қазақ тіліне аударуға ерекше еңбек сіңірген. Ол Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір», Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» романдарын қазақ тіліне аударды. Әр жылдары халық депутаты болып сайланды, ҚР Мемлекеттік хатшысы лауазымын атқарды.

Үкімет Қаулысымен Атырау аграрлы-техникалық колледжіне Оңайбай Көшековтің есімі берілді. Мемлекет қайраткері Оңайбай Көшеков Кеңес кезінде Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ол облысты басқарған кезде Теңіз кен орны ашылып, Атырау-Ганюшкино жолы салынды, Атырау-Мақат-Құлсары, Индер-Сағыз-Миялы жолдары, Мақат-Индер темір жолы салынып, аймақтың ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.

Айта кетейік, Атырау облысындағы кейбір білім және мәдениет мекемелерінің атауларын ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 24 қаңтар күні қол қойған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT