Атырау облысындағы Қызылқоға ауданы әкімінің қызметінен неге кеткені белгілі болды
2022 жылғы 11 тамыз 15:31

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданы әкімінің қызметінен неге кеткені белгілі болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Қызылқоға ауданының әкімі қызметінен кетті. Бұған оның ағасы Жасұлан Бисембиевтің облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалуы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

«Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Бисембиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қызылқоға ауданының әкімі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2019 жылдың қарашасынан бүгінге дейін атқарды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Нұрсұлтан Орақұлы 1991 жылы 24 желтоқсанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Атырау аграрлық-техникалық колледжін, 2013 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2018 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

2013-2017 жылдары Атырау облысының тексеру комиссиясында жетекші маман, бас маман, бас инспектор болған. 2017-2019 жылдары облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы лауазымын атқарған. 2019 жылдың қарашасында Қызылқоға ауданының әкімі болып тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы әкімінің тағы бір жаңа орынбасары тағайындалғанын жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT