Атырау облысындағы көлік апатынан бір адам көз жұмып, 5 адам жарақаттанды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі рульге игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар