Атырау облысындағы каналда балық қырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы каналда балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәліметінше, Исатай ауданының аумағында Нарын каналы бойындағы Ақбас (Қызтуған) учаскесінің тұсынан ұсақ балықтың қырылғаны анықталған. Сол жерден 197 келі өлі балық жиналған.

«Нарын каналының Жанбай ауылдық округінен Ақбас учаскесіне дейінгі бөлігінде су деңгейі тым төмендеп кеткен. Оттегінің жетіспеуінен балық қырылды. Бұл канал көптен бері жөндеу көрмегендіктен, арнасы ескіріп, су өткізу мүмкіндігі төмендеген. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тасжолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемелер айналма жолдарға шашатын суды осы каналдан алады», - дейді Артур Сәдібекұлы.


Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында мамыр айынан бастап қанша балық қырылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар