Атырау облысындағы дауыл: шатырлар ұшып, көшелерді су басты

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы дауыл кезінде Ресеймен шекаралас ауданда шатырлар ұшып, көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрманғазы ауданында кеше түстен кейін қатты жел соғып, кейін толассыз жаңбыр жауған. Әуезов атындағы орта мектептің шатыры жұлынған. Аудан орталығында да, шалғайдағы ауылдарда да көптеген жеке үйлерге зақым келген. Кейбір үйлердің шатыры ұшса, кейбірі жартылай қираған. Көшелерді су басты.



Авторы: Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар