Атырау облысындағы ауылға бекіренің мүсіні қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Жанбай ауылында бағалы бекіре балығының мүсіні қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Исатай ауданында Жанбай деген ауыл бар. Ауыл әкімі Дидар Есмұхановтың айтуынша, Жанбай ауылының іргетасы 1930 жылы қаланған. Сол кезде бірнеше колхоз Каспий теңізінен балық аулап, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан.

«Сәулет нысаны ауылдық округ әкімдігінің тапсырысымен бой көтерді. Бекіре балығы мүсінімен қоса 4 тақта орнатылды. Әр тақтада Нарын құмы, ашаршылық кезінде тұрғындардың аман қалуына септігі тиген құмаршық өсімдігі, ауыл шаруашылығы саласының көріністері мен мұнай өндірісі бейнеленді. Бұл – ауыл тарихынан сыр шертетін бір белгі», - дейді Дидар Есмұханов.


Соңғы жаңалықтар