Атырау облысындағы атыс: Оқ тиіп жараланғандардың жағдайы қалай

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Дәрігерлер Атырау облысындағы ауылда болған атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында атыс болып, 6 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.

«Атырау-Ақтөбе» тасжолының 331-шақырымында жастар бір-біріне оқ атқан.

Кейіннен атыста жараланған бір адам ауруханада қайтыс болды .

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарақат алғандардың біреуі үйіне жіберілген.

«Бір ер адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір ем-дом алып жатыр. Ал үш адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Олар аурухананың травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауына алынды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар