Атырау облысындағы атыс: 35 жастағы жігіт мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында атыс салдарынан 35 жастағы жігіт қаза тапты, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15

мамырда Мақат кентінде болған. Атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Полиция қызметкерлері 2 күдіктіні анықтаған.

Оның біреуі ұсталып, қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (Адам

өлтіру) жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға

жатпайды», -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар