Атырау облысындағы «Ақжайық» резерватында 9 гектар қамыс өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы «Ақжайық» резерватында 9 гектар қамыс өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтеше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қамыс өрті бүгін, 21 сәуірде сағат 01:09-да тұтанған.

«Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылынан 5 шақырым қашықта орналасқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт 9 гектар аумақты шарпыды. Жалын сағат 08:00-де сөндірілді. Өртті сөндіруге департаменттің арнайы қызметінен 11 адам мен 4 техника, Солтүстік Каспий экологиялық шұғыл әрекет ету базасынан 4 қызметкер, 1 техника тартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырауда өртенген пәтерден 46 жастағы ер адамның мүрдесі табылған болатын.


Соңғы жаңалықтар