Атырау облысында зираттарды қиратқан бұзақы ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында зираттарды қиратқан бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 27 қыркүйекте сағат 13:38 шамасында Қызылқоға ауданының Қоғам елді мекені маңында болған.

«Қызылқоға ауданының тұрғыны «Мәтен қожа» қауымындағы түнек үйі мен сарайды өртеп, 13 адам жерленген зираттар мен құлпытастарды сындырған. Осыған орай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде осы ауданның 1977 жылы туған тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», -деп

хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қамауға алынған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 314-бабымен (Өлген

адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сотқа дейінгі тергеу

жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталған

еді.



Соңғы жаңалықтар