Атырау облысында жылу беру нақты бір датаға байланбаған - ЖЭО

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру нақты бір датаға байланысты емес, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Неге екені белгісіз, әлеуметтік нысандарға жылу 1 қазан күні, ал тұрғын үйлерге 15 қазанда беріледі деген пікір қалыптасқан. Бірақ олай емес. Ауруханаларға, балабақшалар мен мектептерге кез келген уақытта жылу беруге дайынбыз. Егер ауаның орташа температурасы үш күн бойы 8 градус нөлден жоғары болса, тұрғын үйлерге жылу беріледі. Орташа температура былай анықталады: түндегі ең төмен көрсеткіш пен күндізгі ең жоғары көрсеткіш алынады. Цифрлар қосылып, екіге бөлінеді. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімімен басқа температуралар жағдайында да жылу беріледі», - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Атырау жылу электр орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшісі Михаил Борисенко.

ЖЭО-дағылардың айтуынша, жазда сағатына 160 тонна бу жіберуге қауқарлы екі бу қазандығы жөнделді, тағы бір қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Қазіргі кезде Атырауда ауа температурасы түнде 5 градустан төмен түспейді, ал күндіз 17 градусқа дейін жылынады.

Соңғы жаңалықтар