Атырау облысында жылқысын іздеуге шыққан малшы із-түзсіз кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында иен далада фермер жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірнеше күн бұрын Жылыой ауданында шаруа қожалығының 47 жастағы жетекшісі мотоциклге мініп, жоғалған бір үйір жылқысын іздеуге аттанған.

Ол келесі күні де оралмаған соң туыстары аудандық әкімдікке хабар берген.

«Иен далада хабар-ошарсыз кеткен фермерді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері итпен де іздеді. Олар құла дүзден көрпе мен мотоциклді тауып алған. Алайда шаруаның өзі әлі табылған жоқ « деп хабарлады аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар