Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Атырау облысында 6 мектеп, 10 балабақша, 3 мәдениет үйі мен 4 денсаулық сақтау нысаны іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша маңызды жобаларды атап өтті.

«Биыл Атырау облысында 2 мектеп (724 орындық), 5 балабақша (1000 орын), 2 мәдениет үйі (600 орын), бір денсаулық сақтау нысаны, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (480 орын) және бір жатақхана (100 орын) - 13 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 6 мектеп (1244 орын), 10 балабақша (1960 орын), 3 мәдениет үйі (700 орын), 4 денсаулық сақтау нысаны, 2  дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 қаладан шыға берістегі стационарлық полиция бекеті және мамандандырылған ХҚКО - 30 нысан іске қосылады», - дейді өңір басшысы.

Нұрлан Ноғаев атап өткендей, алдағы 2019 жылы Атырау обылысында тағы 7 мектеп (3264 орын), 3 балабақша (850 орын), 5 мәдениет үйі (1200 орын), 3 денсаулық сақтау нысаны, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (123 орын) құрылысы аяқталмақ. Сонымен қатар, келесі жылы аймақта 3 жатақхана (450 орын), 1 колледж, 1 лицей, жастар мен оқушылар сарайы, Құлсары қаласында кітапхананың құрылысы соңына жетіп, халықтың игілігіне берілетін болады.

Еске сала кетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Нұрлан Ноғаев өңірдегі балық шаруашылығының табысын да атап өткен болатын. Оның айтуынша, атыраулық балық өңдеуші кәсіпорындар 500 келі қара уылдырық саудалау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, облыстағы кадр тапшылығы 5-6 жылда жойылатынын тілге тиек етті. 

 

Соңғы жаңалықтар