Атырау облысында жыл соңына дейін 15 мың адам ревакцинациядан өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл соңына дейін 15 мың адам ревакцинациядан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, әлі де эпидемиялық ахуал толық

тұрақтанған жоқ. Сол себептен, тұрғындардың вакцина салдыруы мен мониторингтік

топтардың жұмысын жандандыру қажет.

«Қазір әлемде коронавирус инфекциясының жаңа штаммы – «Омикрон» таралып жатыр.

Бұл штамм көршілес Ресей Федерациясында екі адамнан анықталған. Жаңа штаммның

өңірге таралуын болдырмау мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Соның бірі – облыс

тұрғындарын вакциналауды жалғастыру мен ревакцинациямен қамту. Осыған орай

жұмыс күшейтілді», -дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан

Байдуәлиев.

Оның айтуынша, вакцинаның I компоненті 251 955 адамға, II компоненті 232 772 адамға

салынған. Бұл облыс бойынша жалпы екпе алуға тиіс тұрғындардың 68,9% құрап отыр.

«Биылғы 31 желтоқсанға дейін 15 мың адам ревакцинациядан өтеді. Бірақ, өңірде

ревакцинация қарқыны төмен. Осы кезге дейін 1 025 адам қайта екпе алды. Тек соңғы

тәулікте ревакцинациядан өткен адамдардың саны – 155 адам. Қазір қайта екпе алатындарға QazVac Казвак вакцинасы салынып жатыр», -деп мәлім етті А.Байдуәлиев.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, өңірге Рfizer вакцинасының 32 760 дозасы

жеткізілген. Бұл вакцинаның I компоненті 968 адам алған.

Ал, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың мәліметіне сүйенсек, Атырау облысы 20 қарашада «жасыл» аймаққа өткен. Бірақ, соңғы 10 күнде

коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 науқас тіркелген.

«Қазір өңірде 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 13,3 пайызды құрап отыр. Оның

ішінде 78,4% – симптомды. Науқастардың 54,5%-ы адам көп жиналатын орындардан, 25%-ы қоғамдық көліктен жұқтырғаны анықталды», -дейді М.Танауов.

Облыс әкімінің пікірінше, вакциналау және ревакцинация көрсеткіші әсіресе, аудандарда төмен болып отыр. Сондықтан, тұрғындардың қауіпсіздігі салғырттықты көтермейтінін ескеру керек.

«Вакциналау бойынша жоспарланған нәтижеге қол жеткізу қажет. Осыған байланысты

қайта иммундау жұмысын жүргізу жөнінде нақты іс-шаралар қабылданғаны жөн.

Ревакцинация және Рfizar вакцинациясын егу қарқынын жоғарылату үшін тиісті жұмыстар

ұйымдастыруға баса назар аударылып, мониторингтік топтардың жұмысын күшейтіп,

нысандарға кіру тәртібін қалыпқа келтіру керек», -деді М.Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым

салынғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар