+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылған

2021 жылғы 3 тамыз 01:30
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: ШҚО-да үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді Қазақстандықтар карантин талабын сақтамағаны үшін 2 млрд теңге айыппұл төлеген Карантин: БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдарға кіруіне рұқсат берілуі мүмкін

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласы мен аудандар әкімдердің өкімімен 64 мобильді топ құрылған.

«Қазір мобильді топтар карантиндік шектеу шараларының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді. Мобильді топтар құрамында полицияның, «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен әкімдіктердің өкілдері бар. Биылғы 1 қаңтар мен 29 шілде аралығында 10 976 рейд өткізіліп, 44 777 нысан тексерілді. Мобильді топтардан құқық бұзушылыққа қатысты 620 материал түсті. Карантин талабын елемеген шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға ҚР Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен 423 айыппұл салынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, шілдеде мобильді топтар 910 рейд жүргізіп, 3325 нысанды қамтыған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау қаласында карантин шектеуі күшейтіліп , облыс әкімі тұрғындарға үндеу жасаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT