Атырау облысында жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері рульге мас күйде отырған 500-ге жуық жүргізуші жазаланған.

«Мәселен, 8 қазанда сағат 02:30 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Атырау қаласындағы А.Владимирский көшесінде күдік тудырған «Toyota RAV4» маркалы автокөлігін байқаған.

«Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, тексеру жүргізгенде рульдегі 1981 жылғы жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққан. Медициналық сараптаманың қорытындысымен 40 жастағы әйелдің жеңіл дәрежедегі мас екені анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мас жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен рульге мас күйде отырған әйел 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір түнде ұсталған 9 мас жүргізуші қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар