Атырау облысында жыл басынан бері 5 адам жоғалып кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 5 адам жоғалып кеткен. Оның 3-еуі табылып, екі адамды іздеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, былтыр 72 адам жоғалғандар тізіміне енген.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру нәтижесінде 66 адам табылды. Олардың дені отбасындағы жақындарымен ренжісіп, арада туындаған жанжалдан кейін жоғалып кеткен. Кейбірінің жоғалуына алкогольдік ішімдікке салынуы себеп болған. Биылғы жыл басынан бергі бір айда 5 адамның жоғалғаны белгілі болды. Оның үшеуі табылып, отбасына қайтарылды. Ал, екі адамды іздестіру іс-шарасы әлі жалғасып жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Биыл із-түзсіз жоғалып кеткен адамның бірі – 65 жастағы зейнеткер. Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұратын қария 28 қаңтарда жоғалған еді.

Содан бері әлі табылған жоқ. Зейнеткерді 29 қаңтардан бері іздестіріп жатыр. Оны алдымен сүңгуірлер Жайық өзенінен іздеді.

Кейіннен іздестіру іс-шарасына көкпаршылар қосылды.



Соңғы жаңалықтар