+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырау облысында жыл басынан бері 400-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

2021 жылғы 25 маусым 01:24
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жыл басынан бері 400-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшасын жымқырған үш алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік СҚО-да синтетикалық есірткі таратумен айналысқан Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2 пайыздық несие беру керек - Төлеутай Рахымбеков Тимур Мұратов: Вакцина паспортын қолдан жасату реанимацияға билет сатып алумен тең

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтырғы 5 айда 300-ге жуық интернет-алаяқтық дерегі анықталған. Ал, биылғы жыл басынан бері осындай 400-тен астам дерек тіркелген.

«Сенімге кіруді әдетке айналдырған үш алаяқ, 23 маусымда жеке банк карточкаларынан ақша жымқырған. Мәселен, белгісіз біреу 37 жастағы тұрғынға құрылыс құралдарын әкеліп беремін деп, абоненттік нөміріне «Kaspi Gold» карточкасы арқылы 805 мың теңге аудартқан. Бірақ, ақшасын кері қайтармай қойған. Жәбірленуші полицейлерге дереу шағымданып, нәтижесінде 1984 жылы туған әйел ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Осындай алаяққа 45 жастағы әйел де алданған. Оған гараж қақпасын қондырып беремін деген алаяқтың бірі абоненттік нөміріне 105 мың теңге ақша аударуды сұраған. Гараж иесі сұраған ақшаны аударғаннан кейін алданғанын біліп, полицияға арызданған. Күдікті 26 жастағы тұрғын ұсталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Осыған ұқсас оқиға Құлсары қаласында тіркелді. Мұнда 49 жастағы әйел өзінің балаларын жұмысқа орналастыру үшін 1976 жылы туған ер адамға 400 мың теңгені аударып жіберген. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр» -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 20 жастағы алаяқ үш жыл бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатынын https://www.inform.kz/kz/atyrauda-20-zhastagy-alayak-ush-zhyl-boyy-mazhburli-enbekke-tartylady_a3801410 хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT