Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға батып кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кетіп көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірде жыл басынан бері 25 адам суға батып қайтыс болған, оның ішінде үшеуі - бала. Олардың арасында жазғы айларда суға кеткен адам саны - 14. Көктемде адамдар өзен бетіндегі жұқа мұздың үстімен жүрем деп жазатайым қаза табады. Ал жазда көпшілік суға түсуге арналмаған, мүлде жабдықталмаған жерде шомылады. Марқұмдардың барлығы осындай тыйым салынған жерде суға түскен» деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Күзгі салқын келгеніне қарамастан кейбіреулер әлі күнге дейін Жайық өзеніне шомылып жүр. Дегенмен мамандардың айтуынша, бұл өте қауіпті, қазір судың температурасы төмен, сондықтан адамның денесі, аяқ-қолы сіресіп қалуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар