Атырау облысында жыл басынан бері 2 803 баладан коронавирус анықталған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 2 803 баладан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуованың мәліметінше, қазір қауіпті вирус жұқтырған 37 бала ауырып жатыр.

«Биылғы жыл басынан бері 2 803 баланың Covid-19 инфекциясымен ауырғаны расталды.

Оның ішінде 143 бала инфекциялық стационарларда емделді. Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 37 бала оқшауланған. Дәрігерлердің амбулаториялық

бақылауына 33 бала жіберілді. Ал, 4 бала инфекциялық стационарларда хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр», -дейді Жанар Сәдуова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 35 бала мен 21 жүкті әйел ауырып жатқанын

жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар