Атырау облысында жыл басынан бері 19 адам суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 19 адам суға кеткен. Көз жұмғандардың арасында 6 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда жасөспірім Жайыққа батып кеткені хабарланған болатын.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 18 шілдеде тағы екі адамның Жайық өзеніне батқаны белгілі болып отыр.

«Жайық өзенінің Геолог елді мекені тұсында 38 жастағы ер адам суға батып кетті. Сондай-ақ, Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында Өзбекстан Республикасының 48 жастағы азаматы балықшылардың Жайық өзеніне құрған торына оратылып қалған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар