+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Атырау облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

2019 жылғы 23 тамыз 01:31
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда 10 009 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 5,6 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен 20 мың адам жұмысқа орналастырылды «Жусан» операциясымен елге оралған 5 ана жаңа мамандық игерді - Атырау облысы

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлімдеді.

«Әлеуметтік жұмыс орындарына 372 адам және ваканттық жұмыс орындарына 3 748 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында, жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарын бітірген 714 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді. Кәсіби оқуға 846 адам, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 784 адам жіберіліп, 121 адамға несие және 45 адамға мемлекеттік гранттар берілді. Сондай-ақ, өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. 30-дан астам жәрмеңкеге 3 700 адам қатысып, нәтижесінде 1 808 адам жұмыспен қамтылды. Тағы 5 175 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді«, - дейді Гүлболат Аманғалиева.

Айта кетейік, жұмыспен қамту шаралары «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы (www.enbek.kz) жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні дейін бұл жерге 415 бос жұмыс орны және 13 908 түйіндеме жарияланған. Биылғы жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 2 260 адам жұмысқа орналастырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT