Атырау облысында жыл басынан 3 бала ысты газға уланған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 17 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй секторында – 10, көлік құралдарында – 3, басқа да нысандарда 4 өрт жағдайы болған.

«Өрттің дені электр құралын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан тұтанған. Пештің ақауынан улы газға 3 бала уланып, ауруханада емделіп шықты. Жалынның тұтануына басты себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сондай-ақ, мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы да оқыс оқиғаға алып келеді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар