+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Атырау облысында жүкті әйел жанармай бекетінде босанды

2018 жылғы 27 маусым 17:20
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жүкті әйел жанармай бекетінде босанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жанармай құю бекеттерінің бірінде жұмыс істейтін оператор-кассирлер жүкті әйелді сәтті босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доссордан Атырауға бара жатқан тасжолда орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінің оператор-кассирлері кіндік шеше атанды. Жайнагүл Құрманбекова мен Тоғжан Орынбасарова өздері жас ана болғанына қарамастан, жолаушы әйелді сәтті босандырып алған.

«Жанармай бекетіне кешкісін такси келді. Оның салонында екі жүкті әйел болды. Жүргізуші оларды Құлсары кентінен Атыраудағы перзентханаға алып бара жатыр екен. Қалаға жетуге бес шақырым қалғанда жолаушылардың бірі Айгерім Сарбасова өзін жайсыз сезіне бастаған. Ол көлікті жанармай құю бекетіне тоқтатуды сұрайды. Кенет оны қатты толғақ қысқан. Ол қалаға дейін жетіп үлгере алмайтынын түсінді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Жанармай бекетінің қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Жанармай құю стансасы шеберінің кабинетінде босандыру үшін орын дайындап, дәрігерлер келгенге дейін Айгерімге көмектескен. Жедел жәрдем дәрігерлері жанармай құю стансасы қызметкерлерінің ширақ әрі сауатты әрекеттеріне таң-тамаша болды. Солардың арқасында дені сау ұл бала дүниеге келді. Анасы мен баласының жағдайы жақсы, көмектескені үшін кассирлерге алғыс айтуда.

«Нәрестенің есімін Берекет деп қойды. Компания басшылығы баланың дүниеге келуіне орай, анасына АИ-92 бензинінің 1000 литріне жанармай картасын сыйлау туралы шешім қабылдады. Босандыру кезінде белсенді көмек көрсеткендері үшін станса қызметкерлері марапатталды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT