Атырау облысында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты: жапа шеккендер бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы Құлсары-Доссор жолында болған. Жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шеккен. Олар Құлсары қаласының ауруханасына жеткізілді. Жарақат алған адамдардың біреуінде бас сүйек-ми жарақатының жабық  түрі анықталып, сол жақ қабырғасы сынған. Екінші адамның кеуде қуысы жаншылып, сол жақ қабырғалары сынған», - деп мәлім етті Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстың ІІД жол-көлік апатының себептерін әлі хабарламады.

Соңғы жаңалықтар