USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды

2021 жылғы 14 маусым 18:45
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы жол апаты 4 адамның өмірін қиып кетті Павлодар облысында демалыс күндері көктайғақтан 53 жол апаты болды Атырау облысындағы жол апаты: Бір адам ауруханада жатыр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Жылыой ауданында адам өліміне соқтырған еңбек қағидаларын бұзу дерегі тіркелген.

​Оқыс оқиға 12 маусымда сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында болған.

«Үйілген топырақтың жанында 1987 жылы туған жүргізуші «Шахман» маркалы ауыр жүк тасымалдау автокөлігімен 29 жастағы қызметкерді басып кеткен. Қызметкер оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT