Атырау облысында жолаушылар автобусы суға түсіп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі суға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудан көршілес Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы мен Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына жолаушылар автобусы қатынайды. Кеше, 4 мамырда Бейнеуден келе жатқан жолаушылар автобусы жолдан түсіп кеткен.

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 11:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар «Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу» жолының 109-шақырымында күре жолдан түсіп кетті. Автобустың рулінде 1984 жылы туған ер адам болған. Жүргізуші көліктің басқару жүйесін игере алмай қалған. Бұл автобустың жолдан шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сол кезде автобустың салонында 10 жолаушы болған. Жолаушылар дін аман.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жол ережесін бақылайтын мобильді қосымша іске қосылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар