Атырау облысында жол жабылды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 00:30-да Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына, нақтысында көктайғаққа байланысты А-28 «Атырау - Индер» облыстық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Аталған бағыттағы жолдың Бесікті ауылынан Индербор кентіне дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылған еді. Бүгін 27 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10: 00-ден бастап автокөліктердің барлық түрі үшін жол ашылды.

Бірақ, сағат 08:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, облыстық маңыздағы «Миялы кенті-Сағыз станциясы» учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.

Жолдағы көктайғаққа байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан жолда абай болуды, тыныштық сақтауды, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауды сұрайды», ‐ деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар