+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырау облысында жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды

2021 жылғы 31 шілде 03:44
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды. Оның ішінде 41 өрескел ақау бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда көпбалалы ана алтыншы перзентін модульдік ауруханада босанды Коронавирус: Атырауда екі ай жансақтау бөлімінде жатқан науқас емделіп шықты Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырды

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашовтың мәліметінше, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын, әртүрлі сипаттағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, жол салуға қажетті материалдардың сапасын тексереді.

«Жыл басынна бері 63 нысанға бақылау жасалды. Жол құрылысын жүргізу жұмыстарына 417, қысқы маусымдағы жолдардың күтімін қадағалау үшін 18 рет тексеру ұйымдастырылды. Тексерудің нәтижесінде 151 кемшілік анықталды. Оның ішінде 41 өрескел ақаулық бар. Жол құрылысына қажетті материалдардан 405 сынама алып, тексеру үшін филиал зертханасына жеткізілді. Зертханалық тексеру кезінде 60 сынаманың талапқа сәйкес еместігі расталды» -дейді Бекбол Мұқашов.

Оның айтуынша, тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жол құрылысына тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ұсыныс хат жолданған. Орталық мамандары анықталған кемшіліктерді уақытылы қалыпқа келтірілуін қатаң бақылауда ұстайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудан Ресейге баратын жолды жөндеу қалай жүріп жатқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT