Атырау облысында жол апатында үш адам көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18:50-де «Атырау-Орал» тас жолында болған.

«Екі облыстың аралығындағы жолдың 93-шақырымда, Көктоғай ауылынан 25 шақырымда ВАЗ-2105 жеғіл көлігі және КамАЗ-53215 маркалы жүк көлігі соқтығысты. Индер ауданынан келе жатқан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамаған. Соның кесірінен 1958 жылғы жүргізушін басқарған қарсы бағытта – Атырау қаласына қарай жүріп бара жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жолдағы көлік апатының салдарынан «ВАЗ-2105» көлігінің жүргізушісі мен 1954, 1978 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші қаза тапқан еді.



Соңғы жаңалықтар