Атырау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасынан екі жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен қайғылы оқиға Жылыой ауданының Құлсары қаласында орын алған. «КамАЗ» жүк көлігі «Lada Priora» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған деректі растады. Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар