Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болып, 1 жасар бала ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болып, 1 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты кеше, 21 ақпанда тіркелген.

«Сағат 14:50 шамасында «Атырау-Орал» тас жолының 35-шақырымында екі көлік соқтығысты. Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ-11183» автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші жолдағы арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан «DAF FT XF 105» жүк көлігіне соқтығысқан. Жүк көлігі Өзбекстан Республикасында тіркелген. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал, 2021 жылғы бала ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі соқтығысып, 7 адам ауруханаға жеткізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар