Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, жүргізуші ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, жүргізуші аурухана түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 18 наурызда сағат 01:00 шамасында болған.

«Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылынан шыққан «LADA –2110» көлігі Құлсары қаласына қарай келе жатқан. Жолда қарсы бағыттағы «LEXUS – 570» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан «LADA – 2110» көлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Осы көліктің 26 жастағы жүргізушісі ауыр жарақатпен Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші аурухананың жансақтау бөілімінде жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам ауруханаға түскенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар