Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Амангелді» және «СефКаспийфиш» ЖШС-нің 4 балықшысы 3 қарашада жоғалған. Олар балық аулауға шығып, қайта оралмаған.

«Жоғалған балықшыларды іздеу бүгін, 6 қараша күні басталды. Оған «МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақ Атырау қаласынан сағат 09:58​-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. ​Аэровизуалды іздестіру жұмыстары 270 шақырым қашықтықта, яғни Каспий теңізінің Исатай, Құрманғазы аудандары аумағындағы жағалауда жүргізілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғалған балықшылар әлі табылған жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар