USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды

2021 жылғы 15 қаңтар 20:08
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған 18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі Көкшетауда соғылған көліктің ішінде қысылып қалған жүргізуші мен жолаушы құтқарылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше, 14 қаңтарда Атырау облысында Қызылқоға мен Жылыой ауданында тұрғындардың жоғалу дерегі тіркелген. Сондай деректің бірі 14 қаңтарда сағат 18:54-те Жылыой ауданынан түскен.

«Есен-Аман» шаруа қожалығының 2 қойшысы сағат 15:30 минут шамасынан бері хабарсыз кеткені хабарланды. Соған байланысты департаменттің аудандық бөлімінен 4 қызметкер мен «Есен-Аман» шаруа қожалығынан 1 адам «ТРЭКОЛ» автокөлігімен іздеуге шықты. Олар аудан орталығы – Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтағы «Шолтақай» учаскесіндегі мал қыстағынан радиусы 30 шақырымдық аумақта іздестіру жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде бүгін, 15 қаңтарда сағат 2:50-де «Казтрансойл» АҚ-на қарасты №3 мұнай айдау станциясына тартылған электр желісінің 306-бағанасының тұсынан жоғалған 2 азамат табылды. Оның бірі – Ақтөбе облысының тұрғыны, екіншісі – Өзбекстан Республикасының азаматы. Олар шаңды дауылда бағып жүрген 950 бас қой мен 1 бас жылқыдан айырылып қалған. Ал өздері адасып кеткен», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 14 қаңтарда Қызылқоға ауданыда «Даулет» шаруа қожалығынан «УАЗ» автокөлігімен Жангелдин ауылына шығып кеткен бір азамат жоғалған. Оны іздестіруге төтеншеліктер мен полиция бөлімінен 6 қызметкер жұмылдырылған. Жоғалған азамат «Жамансай» учаскесінің маңынан табылған. Ол көлігінің жанармайы таусылып, далада тұрып қалған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 60 жастағы ер адам жоғалып кеткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT