Атырау облысында жоғалған зейнеткерді іздеуге 20 ерікті қосылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш күн бұрын жоғалған зейнеткерді іздеуге 20 ерікті қосылды. Бірақ, зейнеткер әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан үш күн бұрын Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұратын 65 жастағы зейнеткер іздестіру шаралары басталған еді. Кеше оны сүңгуірлер Жайық өзенінен, ал б үгін Бейбарыс және Сарайшық ауылдарына жақын маңнан іздеді. Сондай-ақ сүңгуірлер Жайық өзенінің түбіне барлау жүргізді. Бірақ, із-түзсіз жоғалған зейнеткер әлі табылған жоқ.

«Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері жұмылды. Оның ішінде 20 ерікті бар. Сондай-ақ, 1 кинологиялық есеп құрамы мен 12 техника тартылды»,- деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар