Атырау облысында жеті айда 23 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы жеті айда 23 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ЖИТС орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, былтырғы осы кезеңде АИТВ инфекциясын жұқтырудың 15 дерегі тіркелген.

«Биылғы жеті айда 23 адам АИТВ инфекциясын жұқтырды. Бұл дерек өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8-ге артық. Инфекция жұқтырғандардың 78,3%-ы – ер адамдар, 21,7%-ы – әйелдер. Олардың басым бөлігін 20-29 жастағылар (39%) құрап отыр. Сондай-ақ, 30-39 жастағылар – 26,1, 40-59 жастағы адамдар – 26, ал, 60 және 15-19 жас аралығында жұқтырғандар 8,6% пайыз үлесті құрады» -деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Инфекцияға шалдыққандар арасында 15 адам (65%) жұмыс істемейтін болса, 5 адам (21,7%) жұмыссыздар санатында екен. Сондай-ақ, 4,3%-ы – зейнеткерлер. Оның ішінде 69,6%-ы гетеросексуалдық, 26,1% гомосексуалдық жыныстық жолмен жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар