Атырау облысында жер үлестіру кезінде заң бұзған 30 мемқызметші жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының прокурорлары жеке тұрғын үй салу үшін жер үлестіру жұмыстарынан заңсыз әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Жер заңнамасының орындалуына жүргізілген тексеру барысында жеке тұрғын үй салу үшін жер беру жұмыстарынан өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Құзырлы орган өкілдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жарияланған мараторийді назардан тыс қалдырып, коммерциялық мақсаттағы жерлерді аукцион ұйымдастырмастан беріп жіберген. Осы заңсыздықтар үшін 34 лауазым иесі жазаланды, олардың арасында басшылар да бар. Нақтырақ айтқанда, Құрманғазы ауданының әкімі, Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарлары, архитектура және жер қатынасы бөлімдерінің жетекшілері»,-деді Атырау облыстық прокуратурасының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар