Валюта бағамдары:
    usd/kzt 465.95 eur/kzt 485.43

    rub/kzt 7.72 cny/kzt 65.28
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Атырау облысында жемқорлық туралы хабарлағандарға 2,6 млн теңге берілді

2021 жылғы 13 мамыр, 07:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сыбайлас жемқорлық дерегін хабарлағандарға 2 млн 600 мың теңге берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың дерегіне сүйенсек, былтыр және биылғы бірінші тоқсанда дәлелденген сыбайлас демқорлық дерегі үшін 15 адамға 2 млн 600 мың теңге көлемінде ынталандыру қаржысы берілген.

«Мәселен, биылғы 22 наурызда сағат 16:45-те сенім телефоны арқылы Атырау теміржол стансасында желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің бекіре тұқымдас балықтарды әкету дерегімен қылмыстық жауапкершілікке тартпай үшін 50 мың теңге көлемінде пара талап еткені туралы хабар түсті. Сол күні осы дерекке байланысты екі полиция қызметкері ұсталды. Кейін полиция қызметкерлері сотталды. Ал, хабар берген адамға 70 АЕК немесе 204 мың 190 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді», - деді Айдос Мамыт.

Оның айтуынша, былтыр сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлағаны үшін 11 адам 1,8 млн теңгеден астам қаржылай сыйақы алған. Осы жылдың үш айында өңірдегі осындай хабарламалар үшін 4 адам жалпы сомасы 700 мың теңгеден астам сыйақыға ие болған.

«Өткен жылдың қорытындысымен Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық дерегі полиция, денсаулық сақтау, білім беру және құрылыс органдарында анықталды», - деді ол.

Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары