Атырау облысында жеке сектордағы өрт оқиғалары екі есе көбейген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 300-ге жуық өрт тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Төремұрат Сәтікеновтің мәліметінше, тұрғын үй секторында болған өрт екі есе көбейген.

Биылғы жыл басынан бері тұрғын үй секторында 128 өрт тұтанған. Ал, жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйлерде 42 өрт тіркелді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұндай өрт оқиғасы екі есе көбейіп отыр.

«Сол себепті қауіпті жағдайды болдырмау мақсатында 15 тамыздан бері 9 793 тұрғын үйде тұратын 21 622 астам адамға ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді» - дейді Төремұрат Сәтікенов.

Оның айтуынша, көпбалалы отбасылардың үйіне жергілікті бюджет есебінен алынған улы газды анықтайтын 332 дабылқаққыш орнатылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері 205 өрт оқиғасы тіркелгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар