Атырау облысында жазасын өтеп жатқан азамат бір күндік жалақысын балалар үйіне аударды

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың бірі қайырымдылықпен айналыса бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Талап қарызы жоқ жұмысқа орналасқан сотталғандар еңбекақысын өзінің қалауынша жұмсай алады», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сотталған Тимур (аты өзгертілген) мекемеге өткен жылдың қараша айында түсті. Тимур мұнда жүргізуші болып жұмысқа орналасты.

«Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге келгеннен кейін сотталғандарды жұмысқа орналастыру – бірінші кезектегі міндет. Әкімшілік қызметкерлері келгендердің жеке істерін зерттейді, өйткені олардың көпшілігі мекемеде білім алады. Алынған дипломдарына сәйкес, оларды мамандыққа немесе жеке қалауына сәйкес мекеме аумағынан тыс кәсіпорындарға жұмысқа орналастырады», – дейді мекеме басшысы Әбдірахман Дастан.

Тимур біраз уақыт жұмыс істеп, мекеме әкімшілігіне айлық жалақысын балалар үйінің шотына аударуды сұрап, игі іс жасауға шешім қабылдаған.


Соңғы жаңалықтар