Атырау облысында жасөспірім мен бала суға ағып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында сейсенбі күні бірден екі адам - 8 жасар бала мен 15 жастағы жасөспірім суға ағып кетті. Олардың денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 маусымда 15.06-да кезекшілік бөліміне Махамбет ауданы Талдыкөл кентінде Жайық өзеніне 8 жасар баланың ағып кеткені туралы хабарлама түскен. Оның денесі әлі табылмаған. Іздеу жұмыстарын Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының мамандары жүргізіп жатыр. Тағы бір қайғылы жағдай сол күні 18.30-да болған. Махамбет ауданы Ақжайық ауылында Жайық өзеніне 15 жастағы жасөспірім суға батып кеткені хабарланды. Оның да денесі әлі табылған жоқ, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар