Атырау облысында жансақтау бөліміндегі 12 науқастың жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 12 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін облыста екі тәулікте 1,1 мың адам коронавирусқа шалдыққанын жазған едік.

Соңғы күндері қауіпті вирусты жұқтырушылар саны Атырау қаласында күрт артып отыр. Кеше бұл шаһарда инфекция 422 адамнан тіркелді. Сондай-ақ қауіпті індет белгісі 7 аудан мен Теңіз кен орнында да анықталды. Қазір үй жағдайында емделу үшін 2 063 адам оқшауланған.

«Өңірдегі 2 360 орындық төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 663 науқас (жүктеме – 28,1%) емделіп жатыр. Стационарлардың 106 орынға есептелген жансақтау бөлімінде жатқан 12 науқастың жағдайы ауыр. Ал жағдайы өте ауыр 1 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 11,3%», - деп мәлім етті Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар