Атырау облысында жансақтау бөлімінде жатқан 101 науқастың жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 101 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, өңірдегі 3 012 орынға есептелген инфекциялық стационарларда 1 568 науқас қауіпті вирустан емделіп жатыр.

«Қазір стационарлардағы жүктеме 52%. Инфекциялық стационарлардың 114 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 101 науқас оқшауланған. Оның ішінде 11 пациент өкпені жасанды желдету апппаратына қосылды. Мұндағы жүктеме 82,1%-ға жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 98 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар